Текст
Ұйымдар тізімі
22 маусым 2026 жылы мектеп жанындағы лагерьде «Қоштасу күні» ұйымдастырылып, лагерьдің бірінші маусымының салтанатты жабылуы өтті.
Бұл күні балалар үшін көңілді ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Тәрбиеланушылар сабын көпіршіктерімен және әуе шарларымен ұйымдастырылған ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күй, шаттық пен жарқын әсер алды. Ерекше көңіл-күй сыйлаған би минутында балалар көңілді әуен ырғағымен билеп, сергіп қалды.
Мереке соңында балаларға мерекелік дастарқан жайылып, дәмді десерт — балмұздақ ұсынылды. Балалар лагерьде өткізген қызықты күндері туралы әсерлерімен бөлісіп, бір-бірімен жылы қоштасты.
Бірінші маусымның жабылуы достыққа, жылулыққа және мерекелік көңіл-күйге толы атмосферада өтті.




Мектеп жанындағы лагерьдің 2...