Текст
20.05.2022 ж 4 «А» сыныбында Бастауышпен қоштасу мерекелік кеші өтті. Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан- болашаққа.» Мақсаты: Оқушылардың 4 жыл бойы алған білімдері мен жетістіктерін ата –аналарға , ұстаздарға көрсету.Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. Ұстаздарға алғыс айту. Оқушылар өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетті би билеп, ән айтып, өлең жырларын арнады. Қонақтарымыз «Мектептегі мерекелер естелігі» бейнежазбаны тамашалады. Мерекелік кеште ата-аналарға алғыс хаттар, оқушыларға Бастауыш сынып бітіргені туралы дипломдар берілді.