Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және тәрбие жұмысының тиімді формалары мен әдістерін енгізу мақсатында «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-де «Оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мектеп директоры Алмаханова З.Ж. семинар қонақтары мен қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сананы тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Одан кейін семинарға қатысушылар мен қонақтарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Т. Л. Филиппованың жетекшілігімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Семинар аясында ашық сабақтар, сынып сағаттары және шеберлік сабақтары өткізіліп, мұғалімдер кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін меңгергендіктерін көрсетті. Әрбір сабақ пен тәрбиелік іс-шара оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрге, тілге, мәдениетке, рухани құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды. Іс-шаралардан кейін семинар қонақтарымен мектеп психологы Залюбовская Н. Н. рефлексия өткізді,. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Семинар оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы педагогикалық тәжірибені таратуға, оқу-тәрбие жұмысын жандандыруға және аудан мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға ықпал етті.