«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту кезіндегі БЖБ және ТЖБ өткізудің алдындағы оқушылардың психологиялық көңіл күйлері.

БЖБ және ТЖБ өтуі кезінде өзіңді қалыпты жағдайда ұстап, физикалық және психологиялық көңілді жақсарту үшін  Сіздерге бірнеше кеңес  ұсынамын.

Тапсырмалар үлкен күш, ашық ой және тапқырлықты талап етеді.
 Денсаулықты сақтап  табысты нәтижеге жету, қаншалықты  оқу мен дем алудың  дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

1.Күн таңғы жаттығудан басталуы тиіс. 
Күндіз қозғалыс жұмыстары азайып,  ойлау қабілеті артып жұмыс жасаған кезде жаттығуы жұмыстары өте қажет.
2.  Жұмыс атқару қабілеті күндіз жоғары сол себепті,  тапсырмаларды күндіз орындау керек.
 Таңғы астан кейін  тапсырмаларды орындауға кірісу керек.

3. Сабақ оқуды сағат 8.30  бастаған дұрыс, әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасап дем алу керек.
 Демалыс белсенді болуы тиіс:
 тұрып жүру, бірнеше жаттығу , үйдегі жеңіл жұмыстарды  жасау.

4. Кейбір адамдар музыка, айқай -шу, әңгіме  сабақ сабақ оқығанда кедергі жасамайды деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Бұндай жағдай адамды тез шаршатады. Тыныштық кезінде сабақ оқыған өте қолайылы. Сабақ оқып отырғанда бейнефильмдер, теледидар, шахмат ойыны,  әдеби кітап оқу  ұсынылмайды, себебі олар ойлау қабілетіне көп күш  түсіреді.

5.   Ұйқы 9 сағаттан кем болмауы тиіс. Кейбір оқушылар кешке немесе түнде  қою шай , кофе ішіп  отырып сабақ  оқиды, сосын оның ұйқысы қанбайды. Түнде сабақ оқу тиімсіз, жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Сол себепті ұйқылары келіп отырады.     Түнде ұйқысы қанбаған адамның жұмысқа кірісіп етуі нашар болады, күндіз жұмыс атқару қабілеті жоғары , ол кезде ұйықтап, текке уақытын жоғалтады.
6. Егер нашар баға алсаң қобалжыма, келесі жолы жақсы болады.
Есіңде болсын , жіберілген қате келесі жолы қайталамауды білдіреді.
7. Түсін,  мұғалімдер – Жау емес, сендерді қинайтын, олар –Достарың, әрқашанда қол ұшын беретін, қиын жағдайда көмекке келетін! 
Соңғы шағын кеңес

 Ешқашанда өзіңді, ешкіммен мейлі досың,  ағаң, әпкең болса да олармен салыстырма.

 Бұл дұрыс емес- себебі бұл сен, өз қабілетіңмен, күшіңмен, түрлі дағдыларың және мінезіңмен. Мүмкін сен кейде ата – анаңның көңілін қалдырған шығарсың, бірақ олар сені түсінеді, әрқашан сенің қолыңнан келген  жасаған әрекеттеріңе қанағаттанады. Қолыңнан келмейтін нәрсеге араласпа, өзіңнің шамаң келетін нәрселерді жаса!

Барлықтарыңызға оқуда сәттілік !

 

Жаңартылған күні: 12.05.2020 18:27
Құрылған күні: 12.05.2020 18:27

Текст