Бастауыш сынып апталығы жоспары бойынша, бүгін мектепалды даярлық сыныбында сауат ашу негіздері пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: Сауат ашу әлеміне саяхат.
Мақсаты: Өткен әріптер мен дыбыстардың жазылуын, оқытуын пысықтау, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сабақ шаттық шеңбер мен үш тілде сәлемдесумен басталды, кейін сауат ашу сабағына саяхатқа аттанды. Балаларға сиқыршылар тапсырма дайындап, орындаған тапсырма үшін әріп тарту етті, тіл ұстарту жаттығу қайталап, сергіту сәтін орындап, буындап оқу, “кім зерек?”, штрихтау технологиясы және сәйкестендіру әдістермен жұмыс жасады. Барлық бала тапсырманы орындауға тырысты, сабақ соңында сыйға тартылған әріптерден шыққан ЖАРАЙСЫҢ деген сөзді буынға бөлді. Келген қонақтармен үш тілде қоштасты. Сынып жетекшісі: Рамазанова А.Е