Текст
Ұйымдар тізімі
2025 жылдың 12 қарашасында 9–11 «А» сынып оқушыларымен Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – шығарманың сюжеттік композициялық құрылымын талдау, автордың өмір шындығын суреттеу..
Сабақ барысында оқушылар шығарманың мазмұнын терең талдап, топтық жұмыстар, зымыран сұрақтар, «РАФТ» әдістері арқылы өз ой-пікірлерін білдірді. Оқушылар белсенділік танытып, кейіпкерлер әрекетіне баға беріп, өмірлік тұжырымдар жасады.
Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылардың әдеби талдау жасау, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттері дамыды.



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта...