«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұғалім шеберлігінің жаңа көкжиегі: цифрлық білім беру құралдары мен сервистер»

22.01.2026жылы «Мұғалім шеберлігінің жаңа көкжиегі: цифрлық білім беру құралдары мен сервистер» тақырыбында ұйымдастырылған семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде тиімді әрі саналы қолдану жолдарын көрсету.
Семинар барысында заманауи сабақта жасанды интеллектті қолданудың маңыздылығы, оны тыйым салудан саналы пайдалануға көшу мәселелері қарастырылды. Нейрожелілердің көмегімен сабаққа дайындықты жеңілдету, шығармашылықты дамыту және мұғалім еңбегін оңтайландыру жолдары ұсынылды.
Қатысушылар жасанды интеллект арқылы оқу материалдарын (ҚМЖ, БЖБ/ТЖБ тапсырмалары, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған тапсырмалар, рефлексиялар) құрастыру тәжірибесімен, iTeacher және Top IQ платформаларымен жұмыс істеу тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, 5 минут ішінде тиімді әрі сапалы сабақ жоспарлау, цифрлық оқулықтарды пайдалану жолдары көрсетілді.
Іс-шара педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырып, инновациялық әдістерді тәжірибеде қолдануға бағытталған маңызды алаң болды.


Текст