Текст
13-16 мамыр аралығында Ақмола облысының Есіл қаласында «Жастар» бағдарламасы аясында жеңіл атлетикадан оқушылар арасында облыстық жарыс өтті. Сайысқа мектебіміздің оқушылары қатысып, тамаша нәтиже көрсетті. Егор Рыжакин 400 метрге жүгіруде екінші орынды, сондай-ақ 4х100 метрлік эстафеталық жарыста екінші орынды жеңіп алды. Александр Журавлев ядро лақтыру сайысында екінші орын алды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.Спортшыларымызды құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз! Жалғастырыңыз!