Текст
21.08.2025 ж «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы лагерьде
Экологиялық Көркем- эстетикалық бағытта іс шара өтті. Күнімізді әдеттегідей таза ауадағы таңғы жаттығудан бастадық.
«Фото саяхат» тақырыбында балалармен бірге мектеп ауласы мен маңайындағы әдемі табиғат бұрыштарын аралап, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндірдік. «Қалдықсыз қалашық» ұранымен қоқыстарды жинап, сұрыптау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара балаларға қоршаған ортаның тазалығы үшін әрбір адамның жауапты екенін ұғындырды. Оқушылар қоқысты сұрыптау, қайта өңдеу және табиғатты аялау туралы көп мағлұмат алды. Күніміз қызықты әрі пайдалы өтті.