Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше.
Музыкалық тәрбиенің негізі мақсаты — оқушының ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін ескеріп, орындалатын репертуарды түрлендіріп отырып үйрету. Домбыра аспабын тартуды үйрете отырып, әрбір баланың бойында шығармашылық даралығын қалыптастыру, ол оқушының сенімін арттыру, баланың бойында жақсы бастаманың барына сеніммен қарай білу. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білу, мәдениетін қалыптастыру, этика негіздерін үйрету. Оқытушы оқушының шығармашылығының дамуына бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.Осы орайда мектеп үйірмесінің оқушылары мектепшілік іс шараларға,ауылдық мейрамдарға,байқауларға қатысып өздерінің шығармашылықтарын арттырып отырады.