Сабақта АКТ құралдарын қолдану - танымдық қызметті жандандыруды қалыптастырудың тиімді әдісі. Компьютерлік техниканы пайдалану сабақты тартымды және шын мәнінде заманауи етеді, оқытуды дараландыру, бақылау және қорытындылау объективті түрде уақытылы өтеді.
Бүгін, 2023 жылғы 14 сәуірде «АКТ арқылы орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық қызметін жандандыру» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинарлық сабақ өтті
Сабақ барысында мұғалімдер Р.К. Жүнісова, С.П. Щербинина өз жұмысында АКТ-ны қалай қолданатыны, Power Point бағдарламасын дайындау, мәтіндік редакторда мәтіндермен жұмыс істеу, тестілеу, бейнефрагменттерді қарау, кестелерді жасау, буктрейлерлерді құру туралы айтып берді.
Іс-шараның практикалық бөлігі қызықты түрде өтті, оның барысында қатысушылар QRcode қолдану арқылы тапсырмаларды орындады.
Семинар қортындысы QRcode-ны шығару туралы тапсырмалар болды, оның құрылуымен мұғалім С.Ж. Хамзина таныстырды.
Ол Wordwall бағдарламасының көмегімен түрлі жұмыс түрлеріне QRcode жасауға болатынын көрсетті.