Текст
1 желтоқсан күні салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттерден бас тарту, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында кітапханашы Кусанова М.М. және тәлімгер Кажгалиева А.К. 9 сынып оқушыларымен бірге «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» атты іс-шара өткізілді. Кездесу барысында оқушылар дәріс тыңдап, тестілеуге қатысты.