Текст
28 тамызда "Балақайлар мектебінде" 5 сабақ өтті. Сауат ашу сабағында балалар қарапайым сызықтар салды. Математика сабағында тәулік бөліктерінің ауысуын анықтауды жалғастырды. Қоршаған ортамен танысу сабағында қауіпсіздік ережелерін қайталады. Сөйлеуді дамыту сабағында сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастырды. Көркем әдебиет сабағында айтыс өнері туралы білді.