Химия, биология, география пәндік апталығы аясында география мұғалімі Шербинина С.П. 10-сынып оқушыларымен «Жалпы ішкі өнімді есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Кез-келген елдің экономикасы өзінің тұрғындары үшін тауарлар мен қызметтерді өндіреді, сол арқылы белгілі бір ұлттық байлықты қалыптастырады.Бұл байлықтың мөлшерін қалай анықтауға, елдерді салыстыру кезінде экономикалық көрсеткіштерді қалай салыстыруға болады? Оқушылар бұл туралы сабақта «ЖІӨ дегеніміз не» бейнеролигін көру арқылы білді. Сабақ оқушыларға қызықты әрі қол жетімді ақпаратқа бай болды. Жаңа материалды оқуға оқушылардың өздері қатысты. Сабақ мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы атмосферасында өтті. Сабақтың жабдықталуы материалды ойдағыдай игеруге ықпал етті және сабақ барысында тақырыпқа деген қызығушылықты сақтады. Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістері, топтық жұмыс түрлері, АКТ қолданылды.Балалар әр түрлі ақпарат көздерімен өз бетінше әрекет ету дағдыларын, топпен жұмыс жасау дағдыларын, алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын практикада қолдана білулерін көрсетті.Сабақтың мақсаты: ЖІӨ есептеу әдісін үйрену, сабақ өз мақсатына жетті.