Текст
Халқымыз әндері мен күйлерін,асыл мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп көзінің қарашығындай сақтап келген.Өнердің ең жоғарғы түрі,ең саңылығы,ең әулеттісі де- халық өнері.Халық қазынасының бірі -домбыра аспабы,ол халқымыздың ішкі жан дүниесін,арманының,
болмысының сырын үнімен жеткізетін мол мұрасы.Сондай -ақ "Күмбірлеген домбыра"үйірмесінің оқушылары мектепте өткізілетін іс-шараларда өз өнерлерін көрсетіп,домбыраның коңыр үнімен бойымызды жылытады.