«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігнің 30 жылдығына орай « Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдет – ғұрыптары» үздік эссе байқауы

 

Мақсаты:  Қазақ халқының рухани, мәдени және тарихи құндылықтары туралы мектеп оқушыларының білімдерін арттыру.

Міндеттері:

  • Отбасылық құндылықтар мен қазақ халқының әдет ғұрыптарын насихаттау және дәріптеу;
  • Қазақстанның мәдени мұрасына  құрметпен қарау санасын қалыптастыру,  оқушылардың таным қатынасын кеңейту;
  • Жалпы қазақстандық рухани құндылықтарды нығайту;
  • Оқушылардың   ұлттық құндылық туралы хабардар болу деңгейін және олардың жастар арасында  сақталу маңыздылығын арттыру.

 

Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдет-ғұрыптары

         Отбасы -мемлекеттің іргетасы. Отбасы- адам баласының өсіп-өнер,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-анаңның алдында адамның парыз -міндеті өлшеусіз.

       «Отбасы күні»  қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап  өтіледі.Біздің  отбасы  биыл осы  мерекеге сай аудандық сайысқа қатысып бірінші орынға ие болды және де «Мерейлі отбасы» дипломымен  марапаттап жүлделі сыйлыққы ие болды. Осы  марапатты бізге  отбасымыздағы әдет ғұрыптарымызды сақтап, отбасындағы тәлім тәрбие үшін берілді деп ойлаймын.

           Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»- деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен. Отбасының шынайы жылулығын сезіп өскен баладан толерантты мықты ұрпақтың шығатыны сөзсіз. Отбасының шынайы отбасы болуын ашып талдасақ:

           Біріншіден: Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген отбасыда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады. Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.

            Екіншіден: Асыл дінімізде Аллаға бойұсынуға шақыра отырып, ата-анаға қарайласуды міндеттейді. Ата -анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың, сен ата -анаңды сыйлайсың, сенің балаларың да сен қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата -ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата -ананың қадірі ерекше әспеттелген. Жас жұбайлар отбасылық сынақтардың кейбіріне төтеп бере алмай, бала болашағынан бұрын  жеке бас тыныштығын бірінші кезекке қойып жатады. Осыдан келіп тастанды бала мен әкесі тірі жетімдер қатары артады. Негізі бала үшін әкенің орны бөлек. Әке деген сөзді айтқанда өзіне пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманына қол созғанда ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамның болғанын бала жүрегі аңсайды. Әке -әркімнің сүйенер тіреуі.

         Үшіншіден: Өзара іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата-аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата-аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.Ұлттық психология тәлімдерін ұстансақ тіпті дұрыс болар еді. Қазақы тәрбиеден артығы жоқ. Қазіргі баланың психикасы өзгеріп кеткендігі туралы көп айтылады. Бұл енді жасөспірімдердің арасында болмай қоймайтын ауытқулар екендігі дауыссыз. Баланың психикасына ата-баба қастерлейтін имандылықты сіңірудің жағымды жақтары мол. Қазақ халқының қанына біткен әдет-ғұрып, салт- дәстүрдің талайы баланы адамгершілікке баулуға септігін тигізеді. Бір жағынан жазылмаған заң сияқты көрінгенімен, бұлардың жас ұрпақты тәрбиелеуге берері мол. Мәселен, қазақ халқының нақыл сөздерін алайықшы. Бұлардың қай-қайсын да баланың санасына сіңіре алсақ, қайтарамы мол болар еді.

         Қорыта айтар болсам: Отбасы - адамзаттың алтын діңгегі демекші оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас. Жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы -жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық! 

Жаңартылған күні: 26.11.2021 15:25
Құрылған күні: 26.11.2021 16:07

Текст