Текст
10 мамырда біздің мектепте Жоғары Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжінің. өкілдері болды. Олар 9-сынып оқушыларына оқу мүмкіндіктері, қандай мамандықтар бар екендігі туралы айтып берді, сондай-ақ біздің оқушылар сұрақтарды қойды. Бұл колледжде маркетинг, тамақтандыруды ұйымдастыру, бағдарламалық қамтамасыз ету, есептеу техникасы, есеп және аудит мамандықтары бар. Колледжде бірқатар артықшылықтар бар: дуальді оқыту, жұмыс берушілермен бірге мамандар даярлау, тегін оқыту, стипендия, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша оқыту.