Новочеркас орта мектебінің бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің отырысы
Күні: 25 наурыз Хаттама №4
Қатынасқаны : 4 Қатынаспағаны :0
Күн тәртібінде:
IV отырыс
Тақырыбы : «Балалардың ой-өрісінің дамуында ойынның рөлі»
1. «Балалардың ой-өрісінің дамуында ойынның рөлі» Әңгіме-кеңес. Ашубасар Бексұлтанның оқу үлгерімін және оқу жылдамдығын көтеру жайында жасалған жұмыстары жайлы есеп.
2. Lesson Study тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу
3. 3 тоқсанның қорытындысы. Сынып жетекшілері өз сыныбындағы жетістіктер мен қиындық туғызған мәселелер жайлы.
4. Бастауыш сыныптар апталығын өткізу жайлы.
1 мәселе бойынша Рамазанова А.Е. сөз сөйледі. Мұнда балалардың ой-өрісінің дамуында ойынның рөлі туралы толық мағлұмат берді. Мұғалімнің айтуы бойынша Бексұлтан 3 тоқсанда орыс тілінен 4-ке шықты, ағылшын тілінен де жаңа сөздерді жаттайды, қазақ тілінен де 50% -дан 100%-ға көтерілді.
2 мәселе бойынша 4А сынып жетекшісі Хамзина С.Ж. сөз сөйледі. Хамзина С.Ж. әдебиеттік оқу пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасын өткізетіні туралы айтты.
3 мәселе бойынша барлық сынып жетекшілері өз сыныптарының жетістіктері мен сыныптағы мәселелері жайлы сөз қозғады.
4 мәселе бойынша ӘБ жетекшісі Мусина К.Е. сөз сөйледі,бастауыш сынып апталығының жоспары құрылды.
Отырыстың шешімі:
1.Төртінші тоқсанда 2 А сынып оқушысыАшубасар Бексұлтанмен қарқынды түрде жұмыс жасау, қалған оқушылардың білім сапасын, оқу жылдамдығын арттыру үшін белсенді түрде жеке жұмыстар жүргізу. Lesson Study тізбектелген сабақтар топтамасын және бастауыш сынып апталығын өткізу.
Ә Б жетекшісі: Мусина К.Е.
Хатшы: Хамзина С.Ж.