«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының есебі

Новочеркас орта мектебінің 2021 жылғы 25.01.-29.01. аралығындағы өткен  қазақ тілі мен әдебиеті

апталығының есебі

 

 2021 жылдың  25.01.-29.01. аралығында  қазақ тілі мен әдебиеті  апталығы өтті.

Мақсаты:

Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Қазақ халқының  әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

25 қаңтар   күні оқушылар мен ұстаздарға  қазақ тілі мен әдебиеті апталығының   басталғаны туралы хабарланды.  Оқушылар апталық жоспарымен таныстырылды.

  Апталық аясында жоспар бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.. Апталыққа 5-11сынып оқушылары қатысты.

26  қаңтар   күні  9 - сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен ашық көрсетілім сабағы өткізілді. Мұғалімі : Казбекова Гульжан Ж. Сабақтың негізгі мақсаты:  әдеби диктанттың орындау әдісін үйрету. Тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру болды. Сабақ  нәтижесі бойынша оқушылар да , қатысушы жас маман мұғалімдер де әдеби диктанттың орындау әдісін үйренді.  Шағын шығармашылық  «Бестік» диктантын жаза алды. Сабаққа қатысушы ұстаздарымыз да, жас мамандарымызда  «Бестік диктанттың» өзіндік ерекшелігі  және де "Бестік" диктанттың ұтымды  жағы неде екендігін түсініп , ой бөлісті . «Бестік» диктанттың моделі: Сөз – сөйлем — сұрақ – жауап — түйін.  Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сынып оқушыларының барлығы да ат салыса қатысып, білімдерін көрсете білді.

      27 қаңтар   күні  қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Тайшибаева Т. А.  «Тіл білгірі»  тақырыбына сайыс сабағын өткізді. Сайысқа 7-8 «А» сынып оқушылары қатысты.

     Сабақтың мақсаты: ана тіліне деген құрметін, қызығушылықтарын арттыру. Сабақ бес бөлімнен тұрды. Әр бөліміндегі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.  Тілге байланысты мақал - мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін еске түсірді. Оқушылар әдебиет сабағында алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап берді.

  28 қаңтар   күні  қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Исмагулова С. К. 8"Б" сынып оқушыларымен қазақтың ағартушы, көрнекті ақыны Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай "Дала жұлдызы" атты ашық сабақ өткізді. Сабақта балалар ақыннның өмірбаянымен танысып, түрлі шығармаларынан көрініс құрап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Балалар өздері ақын өмірінен слайд жасап  қорғады. Балалар мұғалімнің түрлі сұрағына жауап берді. Сабақ соңында балалар "Аяулы мектебім" атты әнін шырқады.

     29 қаңтар   күні қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Казанбаева Р. М.  қазақ тілі апталығы аясында "Қазақшаңыз қалай? "атты тәрбие жұмысына негізделген  сайыс сабағын өткізді. Сабақта балалар үш тілде сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ түрлі тапсырмаларды орындап, сабаққа белсене қатысты. Сабақ балаларға өте пайдалы болды. Сабақ соңында мұғалім тарапынан белсене қатысқан оқушылар марапатқа иеленді.

   29  қаңтар   күні  қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Зеидабдин Л. Қ. 5 "Б" сынып оқушыларымен "Ту. Әнұран. Елтаңба." атты ашық сабақ өткізді. Сабақта балалар белсенді қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері туралы түрлі ақпараттар алды. Балалар  тіл туралы өлеңдері мен шығармаларын оқыды. Сондай-ақ балалар мұғалімнің түрлі сұрақтарына белсенді жауап берді. Балалар өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін паш етіп, сабақ соңында "Туған ел" атты әнін шырқады.

   29 қаңтар   күні  бастауыш сынып мұғалімі Рамазанова Г. С.  2  "А"  сыныбында   ашық сабақ өткізді. Сабақтың  тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есімдер».   Мәтін мазмұны бойынша  пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап берді. Мәтіннен негізгі, туынды   зат есімдерді анықтады. Оқушылар жаңа білімді меңгерді. Сауатты көркем жазуға үйренді.

 

 ӘБ жетекшісі  Тайшибаева Т. А.

Жаңартылған күні: 10.02.2021 09:36
Құрылған күні: 10.02.2021 09:36

Текст