«Оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» атты аудандық семинар аясында кәсіби тәжірибе алмасу, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында технология мұғалімі С.П.Шербинина «Халық қолөнерін жаңғырту» атты шеберлік сынып сағатын өткізді. Шеберлік сыныбының бірінші бөлімінде педагог халықтық қолөнерді, жұмыс пен оқушылардың жетістіктерін жаңғырту бойынша өз тәжірибесін ұсынды. Шеберлік сыныбының екінші бөлігі педагог жұмысының әдісін меңгеру бойынша белсенді педагогикалық қарым-қатынас үдерісіне бөлінді: қазақ халқының дәстүрлі материалдары мен тұрмыс заттарынан қазақ халық ертегілеріне театр бетпердесін жасау. Жұмыс барысында алған білім мен дағдылар педагогтарға өздерінің шығармашылық әлеуетін анағұрлым жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі.