Ұйымдар тізімі
2026 жылғы 9 қаңтарда гуманитарлық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің «Оқушылардың оқу сапасын арттыру және сыни ойлауын дамыту үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану» тақырыбында отырысы өтті.
Отырыс барысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тұрғынбаев Д.Д. «Грамматика іс-әрекетте: ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік технологиялар арқылы ауызша сөйлеуді дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Ол қатысушыларды заманауи әдістемелік тәсілдермен, сабақтарда цифрлық және жасанды интеллект құралдарын қолдану үлгілерімен таныстырып, білім алушылардың ауызша сөйлеуін қалыптастыру және коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Отырысқа қатысушылар ұсынылған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін талқылады және оқыту сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.


Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта...