Текст
"Айгөлек" мектеп жанындағы лагерінде күн әдеттегідей таза ауадағы таңғы жаттығумен басталды.
«Ерлік эстафетасы» аясында балаларға батырлар ерлігі, ел қорғаған қаһармандар туралы мәлімет берілді.
Оқушылар батылдық пен бірлікті талап ететін спорттық эстафеталық ойындарға қатысып, өздерінің ептіліктерін көрсетті.
«Туған жер толғауы» бөлімінде балалар туған өлке туралы өлеңдер оқып, ән шырқады, шығармашылық ойларын ортаға салды.
Викториналық сұрақтар арқылы балалардың туған жер тарихына байланысты білімдері тексерілді.
Бұл іс-шара арқылы балалар ел қорғаған батырлардың ерлігін үлгі тұтып, туған жерін қадірлеудің маңызын ұқты. Сонымен қатар, спорттық жарыстар олардың ұйымшылдығы мен достық қарым-қатынасын нығайта түсті.