2025 жылғы 29 сәуірде «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-де аудандық семинар өтті. Бұл семинарға 3 «Б» сыныбы «Қазақстан халықтарының Достық керуені» атты сыныптан тыс іс-шарамен қатысты.
Іс-шара аясында келесі шаралар ұйымдастырылды:
Семинар қонақтарының қатысуымен ұлттық қозғалмалы ойындар;
Оқушылар мен қонақтар QR-кодтар арқылы түрлі елдердің дәстүрлері, мерекелері мен ұлттық рәміздерімен бейнеролик форматында таныса алатын интерактивті жұмыс.
Іс-шара оқушылар мен семинар қонақтарының қызығушылығын тудырып, үлкен әсер қалдырды. Бұл бастауыш сынып оқушылары арасында патриоттық тәрбие мен ұлтаралық төзімділікті қалыптастырудың жарқын үлгісіне айналды. Оқушылар белсенділік, шығармашылық танытты. Іс-шара әріптестер мен семинарға қатысушылар тарапынан оң пікірге ие болды.