Текст
Ұйымдар тізімі
8 сәуір күні 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушыларымен Астана Профи колледжі туралы ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының ерекшеліктері, білім беру бағыттары және мамандықтары туралы жан-жақты мәлімет берді. Оқушылар түрлі кәсіби бағыттармен танысып, өздеріне қызықты мамандықтар жайлы ақпарат алды.
Сонымен қатар, колледждің оқу үдерісі, тәжірибелік сабақтардың ұйымдастырылуы және студенттерге жасалған жағдайлар туралы айтылды.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, болашақ мамандық таңдау бойынша пайдалы кеңестер алды.



Сыңғырла, соңғы қоңырау!