«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Зияткерлік күні"

Халықтың ең үлкен байлығы-бұл тіл! Тіл-адамға табиғаттан берілген баға жетпес сыйлық.  Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында, 19-наурызда  "Зияткерлік күні" тақырыбы аясында "Астрахан білім бөлімінің Новочеркасск ауылының ЖБМ" КММ-де ZOOM платформасында мақал-мәтелдердің онлайн-байқауы өтті . Іс-шараның мақсаты ұлттық фольклормен танысу, патриоттық сезімді, халық шығармашылығына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты қалыптастыру, оқушыларға мақал-мәтелдердің қазіргі әлемде өзінің құндылығын сақтағанын көрсету болды. Байқауға "Новочеркасское ауылының ЖББМ" КММ  (Мейірманова Г, Яцук К, Нестеренко К), "Лозовое ауылының ЖББМ" КММ (қазақ тілі мұғалімі, оқушылар: Айтмұратова А, Собкович Д, Лоос в.), "Зеленое ауылының ЖББМ" КММ (Юдин А., Чупин Д., Баранов В) 9 сынып оқушылары қатысты. 
 Тапсырмаларға тоқаталатын болсақ, өз тобын таныстыру, мақал-мәтелдерді аяқтау, 1 минут ішінде мақал-мәтелдерді жатқа айту ,  "Наурыз-жыл басы", "Алаш қайраткерлері мен идеялары" тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беру сынды қызықты әрі жан-жақсы тапсырмалар ұсынылды және жұмбақтар шешу сайысымен аяқталды . Байқау қорытындысы ббойынша барлық оқушылар грамоталармен марапатталды, олар электрондық пошта арқылы жіберілді. Әр команда бір-бірін көктемнің жылы мерекесімен құттықтады.
    Конкурсты ұйымдастырушылар атынан: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Филиппова Т.Л., қазақ тілі мұғалімі Казбекова Г. Ж., Зеибдадин Л. К., информатика мұғалімі Саргсян Г. А. - оқушыларды конкурсқа дайындағаны үшін қазақ тілі мұғалімдеріне алғыс білдіргіміз келеді: Кенжалиева А. П., Ергалиева С. К., Кабдулина Ж. С., директорлардың орынбасарлары Масюк Н. В. және Гробовская О. В.

 

Жаңартылған күні: 26.03.2021 15:15
Құрылған күні: 26.03.2021 15:20

Текст