«Наурыз мейрамындағы дәстүрлер» сынып сағаты туралы мәлімет.
Наурыз мерекесі қарсаңында «Новочеркас ауылының ЖОББМ» КММ- де, 11 Б сынып жетекшісі Залюбовский А.В. «Наурыз мерекесінің дәстүрлері» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Наурыз мейрамы, туған елінің салт-дәстүрі туралы білімдерін кеңейту.
Сынып сағатының жүргізушілері Гүлмхан мен Ксения Шығыс халықтарының 22 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күнін тойлау тарихы туралы айтып берді, балалармен викторина және ойындар өткізді. Наурыз – қазақ халқының ең сүйікті мерекелерінің бірі.Олар оған алдын ала дайындалады, дәм-тұз ойлайды, дәстүр бойынша құдайдың сусыны – наурыз көже әзірлейді, бауырсақ пісіреді, ет қайнатады.
Викторина барысында оқушылар наурыз-көже қалай дайындау керегін еске түсірді, қонақтарға ет беру ережелерін айтты. Олар өз халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін айтып, ауылымыздың тұрғындарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. Мереке кең тараған ойын-сауықпен, ойындармен, ат жарысымен, қонақтарды қарсы алумен және басқа да ойын-сауықтармен қатар жүрді.
Сабақ дәмді шәй ішумен аяқталды.Сынып жетекшісі құттықтау сөз сөйлеп, барша жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, табыс, бақ-береке, амандық тіледі.