Текст
Ұйымдар тізімі
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу жұмыстары аясында «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-нің педагог-психологі Н.Н. Залюбовская 2 сынып оқушыларымен «Дағдарыс жағдайында өзіңді қалай қорғауға болады» тақырыбында сабақ өткізді.
Оқушылар «Болады болмайды» және «Сиқырлы сөз «ЖОҚ!» атты жаттығуларына қызығушылықпен қатысып, өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірден мысалдар келтірді.
Талқылау мен ойын жағдайлары арқылы оқушылар кімге сену керектігі және біреу олардың жеке кеңістігін бұзса, көмек сұрау үшін кімге жүгіну керектігі туралы білімдерін бекітті.



IQanat Олимпиадасының I кезеңі.