Текст
Бастауыш сынып апталығы жоспары бойынша 2"А" сыныбында қаза тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Сын есім. Сабағымыздың ұйымдастыру кезеңінде шаттық шеңберге тұрып "Мен қандаймын?" әдісімен басталды. Қима қағаздармен топқа бөліндік. Сабақ тақырыбын "судың сиқыры" әдісімен аштық. Кейін балалармен мәтіндегі сын есімдерді тауып,сұрақ қойып, байланысып тұрған сөздерін тапты. Тақтада таза жазу минуты мен оқулықтағы жаттығуларды орындады. Топтық жұмыста балалар "құрастыр" әдісін пайдаланып жеміс, жидектерді сипаттап мәтін құрастырып жазды. Жұмбақты оқып, шешуін тапты. Ережелерді қайталап, мысалдар келтірді. Сабағымыз өте тиімді өтті.