3 «А» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Мусина Камшат Естайқызы математика пәнінен «10-ға, 100-ге көбейту және бөлу. Ғимараттарды неден тұрғызады?» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушыларға 10-ға, 100-ге көбейтуді және бөлуді үйрету болды. Осы мақсатқа жету үшін мұғалім әртүрлі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. Атап айтатын болсақ, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Көрші» әдісі арқылы, оқу материалын жариялау «Ауызша жаттығу» әдісі арқылы, ежелгі және қазіргі уақыттағы ғимараттардың неден тұрғызылғанын білу «Орнымды тап» әдісі арқылы жүрді. Жаңа сабақты мұғалім интербелсенді тақтадағы әзірлемемен түсіндірді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар берді. Сабақты бекіту үшін “Өз жұбыңды тап” оқыта үйрету ойынын қолданды. Бағалау өзін-өзі бағалау парақшасы арқылы жүргізілді. Кері байланыс «Интервью» әдісімен берілді. Сабақ белсенді қарқынмен өтті. Оқушылардың барлығы сабаққа қызығушылықпен атсалысты.