27 сәуірде «Балапан» шағын орталығында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін жетілдіру. Тапсырмалар: жануарларды ажырата білу, олардың аттарын дұрыс атау, қабілеттерін қалыптастыру; балаларды жануарлармен таныстыру арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту; балалардың психологиялық процестерін дамыту; зейіндерін ашу, есте сақтау, ойлау, сөйлеуді дамытуға ықпал ету. Сабақ көңілді басталды, балалар билеп және аңдар елі бойынша таңғажайып саяхатқа шықты. Балалар жануарлар туралы жұмбақтарды шешіп, өлеңдер оқып, олар жануарлардың дауыстарын салды. Сондай-ақ, «Кім артық?» дидактикалық ойынын ойнап, «жирафтарда» сергіту сәтін жасады. Балалар жабайы және үй жануарларын ажыратуды үйренді, сондай-ақ жануарлардың бейнеленген суреттерін тамашалады.
Тәрбиеші Ержанова О.Б.