Бастауыш сынып мұғалімі Мусина Камшат Естайқызы 2 «А» сыныбында математика пәнінен «Тәулік.Уақытты анықтаймын» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ «Таңғы сәлемдесу» атты көңілді әуенмен үш тілде амандасумен басталды. Топқа оқушылар «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы бөлінді. Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылар ребус пен жұмбақ шешті. Мұғалім оқушылармен бірге сабаққа мақсат қойды. Өткенді пысықтау «Картофель фри» әдісі арқылы жүрді. Жаңа сабақ сағаттың пайда болу тарихымен жалғасты. Мұнда мұғалім слайд арқылы оқушыларға күн сағаты, құм сағаты, су сағаты туралы мағлұмат берді, уақыттың өлшем бірліктері және тәуліктің мезгілдері туралы айтты. Сағаттың циферблаты, тілдері туралы бейнебаян тамашалады. Оқулықпен, дәптермен жұмыстар орындады. Қолдан жасалған сағат арқылы топта әртүрлі уақыттарды көрсетті және бір-бірін бағалады. Рим цифрын қайталады және араб және рим цифрларын жұптап қос деген тапсырма орындады. Сабақты қорытындылау үшін оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді. «Кері байланыс» ауызша жүргізілді. Үйге тапсырма берілді. Сабақ қызықты және танымды болды. Балалар сабаққа белсенді қатысты.