14 желтоқсанда Хамзина Салтанат Жабайқызы 8 "Б" сыныбында "Қан топтары және қан құю. Резус - фактор" тақырыбында ашық сабақты белсенді әдістер - тәсілдерді қолдану арқылы өткізді. Оқушылар биология бойынша тамаша білімдерін, сондай-ақ мультимедиялық жабдықтармен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Балалар сабақта қан топтары, резус-факторы және резус – конфликт туралы білді. Микроскоптың көмегімен қан жасушаларын көрді. Биология кабинетін жаңартудың арқасында оқушылар жаңа мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Интерактивті панельде оқушылар өз білімдерін тексеретін "кездейсоқ доңғалақ, білім қақпасы, сәйкестіктерді табыңыз" сияқты тапсырмалар орындады. Сабақтың рефлексиясы үшін Салтанат Жабаевна "Tik-Tok WhatsApp" әлеуметтік желілерінің үлгісін таңдады, онда оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін білдіріп, эмодзилерді таңдап, сабақтың ұнаған сәтіне лайк басып, түсініктеме жаза алды. Сабақ нәтижелі, жақсы қарқынмен және қызықты өтті.