Ұйымдар тізімі
Көктемгі демалыс жоспары аясында біздің мектептің жоғары сынып оқушылары үшін мазмұнды әрі тағылымды шара ұйымдастырылды.
Оқушыларымыз қазақтың біртуар перзенті, Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы әрі жазушы — Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арналған көркем фильмді тамашалады.
«Аңыз адамның» тағдыры туралы туынды ешкімді бей-жай қалдырмады. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен теңдессіз тактикасы әскери оқулықтарға енген батырдың бейнесі жастар үшін қайсарлықтың, намыстың және Отанға деген шексіз махаббаттың жарқын үлгісі болды.
Мұндай шаралар заманауи ұрпақтың бойында шынайы ерлік — өз қағидаларына адал болу және қиын сәтте жауапкершілікті сезіну екенін ұғындырады.
Фильмнен кейін оқушылар өзара пікір алмасып, Бауыржан атамыздың афоризмге айналған қанатты сөздерін талқылады.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды». Біз батыр бабаларымыздың ерлігін мақтан тұтамыз және олардан үлгі аламыз!



«Адал Азамат» тәрбие...