3 шілдеде «Новочеркасс ауылындағы ЖОББМ» КММ базасында «Айгөлек» мектеп жанындағы лагерьде қызықты күн өтті. Таңертең дәстүрлі таза ауада жаттығудан басталды - ырғақты музыкамен балалар көңілді жаттығуларды орындап, күнді энергиямен және позитивпен толтырды. Одан кейін балаларды нағыз дәм мен дәстүр мерекесі - «Бауырсақ Fest» және «Kurtfest» ұлттық тағамдар фестивалі күтіп тұрды. Оқушылар қазақ тағамдарымен қызығушылықпен танысып, бауырсақ, құрт, қымыз татып көрді, байқаулар мен викториналарға қатысты, отбасылық рецептілерімен бөлісті. Атмосфераны Қазақстан халықтарының әндері мен билері толықтырды. Дәмді үзілістен кейін балалар «Ең жылдам» сауықтыру жүгірісіне қатысып, өздерінің ептілігі мен спорттық дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздар сыйлықтармен және достарының қол шапалақтауымен марапатталды. Соңғы бөлік «Велосипедшілер» веложарысы болды. Ұстаздардың бақылауымен балалар қауіпсіз маршрут бойынша жүріп, табиғаттан, таза ауадан және қарым-қатынастан ләззат алды. Күн көңілді, танымды және денсаулыққа зор пайдамен өтті. «Айгөлек» лагері балаларға жарқын эмоциялар сыйлауды, таланттарды дамытып, достықты нығайтуды жалғастыруда!