Ойын -бала әрекетінің негізгі бір түрі.Оқушылардың ойлауын,қиялын,сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойлайтын ойындардың үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрлері әр баланың ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін,үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді Сыныптағы оқушыларымның сөйлеу қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту мақсатында "Сөз ойыны" тақырыбында ойын сабағын өткізіп отырамын. 3 "б" сынып оқушыларыменсабақ барысында әр оқушы сөз жүйріктігін таныта білді. Мысалы қол -жол, ит -ат т.б Суретті көріністермен жұмыста әр жеке тұлға қызығушылықпен сабаққа қатысып, белсенді жұмыс жасады. Ойын элементтері кез - келген оқушының қызығушылығын тудырады.Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділік пен орындайтындығын аңғардым Яцук Л , Ермекова А ,Хамзин А өте жақсы қатысып тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындады.