«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан - ғарыштық держава»

Бүгін, 12 сәуірде 3 «Б» және 4 «Б» сыныптарында Космонавтика күніне арналған «Қазақстан - ғарыштық держава» атты сыныптан тыс іс-шара өтті

Оның мақсаты - ғарыш туралы, ғарышты игеру және оны халық шаруашылығында пайдалану туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың ойлау қабілетін күшейту.

Қазақстан өз аумағында космодромы бар бірнеше мемлекеттердің бірі екендігін ескере отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, өз Отанына деген ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеу.

1961 жылы 12 сәуірде бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бірінші ғарышкер Юрий Гагарин Байқоңырдан «Восток» ғарыш кемесімен ұшты. Адам алғаш рет Жердің тартылыс күшін жеңіп, ғарышқа қадам басты. Содан кейін бұл оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады.

   Ғарыштық аппараттар біздің ғаламшарымыздың табиғи жер серігін зерттеу үшін қолданылады. Жасанды жер серіктері халық шаруашылығына үлкен көмек көрсетеді. Ғарыштан түсірілген фотосуреттер арқылы пайдалы қазбалардың қорын анықтауға, ауа-райының құбылыстарын зерттеуге, атмосферадағы өзгерістерді байқауға және нақты ғылыми тұжырымдар жасауға болады.

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өзінің туған жерінен ғарышқа ұшты. Бұл 1991 жылы, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған кезде болды.

   1994, 1998 және 2001 жылдары тағы бір қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет барды. Байқоңыр ғарыш айлағының халықаралық маңызы зор. Мұнда ғарыш айлағы мен зымыраны жоқ елдер үшін жасанды жер серіктері ғарышқа ұшырылады. Іс-шара нәтижесінде балалар өз қолдарымен қағаздан зымырандар жасады. Әр қолөнердің өз атауы мен бортында жазылған тілектері бар.


 
Жаңартылған күні: 13.04.2021 10:45
Құрылған күні: 13.04.2021 10:45

Текст