Текст
6 тамыз күні "Балақайлар мектебінде" 4 сабақ өтті. Сөйлеуді дамыту сабағында балалар сөздегі дыбыстардың орнын анықтауды, жаңылтпаштарды және тіл ұстарту жаттығуларын үйренді. Суреттер бойынша «Түлкі мен тырна» ертегісі айтылды. Көркем әдебиет сабағында балалар «Қоянның үйшігі», «Маймақ қаз» ертегілерін тамашалап, сұрақтарға жауап берді. Математика сабағында балалар 1 және 2 сандарымен, «көп», «аз» сөздерінің мағыналарымен танысып, екі жиынның арасында байланыс орнатты, жұмыс парақтарымен жұмыс жасады. Үзіліс кезінде ойын алаңында «Мысық пен тышқан» ойынын ойнады. Күн елеусіз зымырап өте шықты.