Ұйымдар тізімі
Өткізілген күні: 04.11.2025 жыл
Қатысқандар: 4-сынып мұғалімдері: Медведева СЯ, Байбусинова ЖЕ, Хохлунова НН, Рамазанова ГС, Жунусова РК.
Әдістемелік бірлестік жетекшілері: Мусина КЕ, Матейкович ЕВ,
Директордың ӘЖ орынбасары: Хамзина СЖ
Отырыстың мақсаты: Lesson Study зерттеу циклін ұйымдастыру және зерттеу сабақтарының жоспарын әзірлеу.
Күн тәртібі:
Lesson Study тәсілінің мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
Зерттеу тобының құрамын бекіту.
Зерттеу тақырыбын анықтау.
Зерттеу тобының жұмыс жоспарын құру.
Бірінші зерттеу сабағын өткізу мерзімін белгілеу.
Отырыстың барысы:
Lesson Study әдісі туралы ақпарат:
ӘБ жетекшісі мұғалімдерге Lesson Study тәсілінің негізгі кезеңдері (жоспарлау – өткізу – талдау – жетілдіру) мен тиімді тұстарын түсіндірді. Әдіс мұғалімдердің бірлесе отырып сабақты зерттеу арқылы оқыту сапасын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Топ мүшелері талқылау нәтижесінде келесі зерттеу тақырыбын таңдады:
Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың өз бетімен жұмысын жетілдіру
Жоспарлау кезеңі:
Топ мүшелері зерттеу тақырыбына сәйкес бірінші сабақтың жоспарын бірлесіп құрастыратын болды.
Күтілетін нәтижелер:< >Мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру;Сабақтағы оқушылардың белсенділігін арттыру;Оқыту әдістерін жетілдіру арқылы оқу нәтижесін жақсарту.Lesson Study тобы келесі аптада бірінші зерттеу сабағының жоспарын толық әзірлейді.Бірінші зерттеу сабағының өткізілу мерзімі – 11.11.2025 ж болып белгіленді.Сабақ өткізіліп болғаннан кейін талдау және рефлексия отырысы ұйымдастырылады.
ӘБ жетекшісі: ______________Мусина КЕ
ӘБ жетекшісі: __________Матейкович ЕВ
Директордың ӘЖ орынбасары: ____________С. Хамзина






IQanat Олимпиадасының I кезеңі.