Ұйымдар тізімі
5 тамызда «Новочеркасское ауылының негізгі орта мектебі» КММ жанындағы «Бүлдіршіндер мектебінде» болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке даярлау сабақтары өтті. Сабақ барысында балалар 3 және 4 сандарымен танысып, олардың құрылу жолын бекітті, жазықтықта бағдарлау тапсырмаларын орындады, «дыбыс» және «буын» ұғымдарымен танысты. Сондай-ақ жазуға қолды дайындауға арналған жаттығулар арқылы ұсақ қол моторикасын дамытты. «Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны барысында балалардың сөздік қоры ойыншықтардың атауларымен толықтырылды. Әңгімелесу кезінде балалар үйде өз бетінше қандай істерді орындай алатыны туралы пікір алмасты. Бұл күні «Саңырауқұлақ» тақырыбында жапсыру (аппликация) жұмысы өткізілді. Балалар қызығушылықпен түрлі-түсті жұмыстар жасап, ұқыптылықтарын, шығармашылық қабілеттерін және қағазбен жұмыс істеу дағдыларын дамытты.
Сабақтар жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалар жаңа білім алып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.



1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында...