Текст
Ұйымдар тізімі
3-4 сынып сағаты өтті Тақырыбы: Ақмола облысының көлдері және су ресурстарын сақтау. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Ақмола облысындағы көлдер туралы мәлімет беру, су ресурстарының маңызын түсіндіру және суды қорғау, үнемдеу туралы экологиялық тәрбие қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар Ақмола облысындағы ірі көлдер (Бурабай, Щучье, Зеренді, Қорғалжын т.б.) туралы мәліметтермен танысты. Су ресурстарының табиғат пен адам өміріндегі рөлі талқыланды. Оқушылар су көздерін қорғау, суды үнемдеп пайдалану жөнінде өз ойларын айтып, пікір алмасты. Бейнежазба тамашалады. Сұрақ-жауап жұмыстары жүргізіліп, экологиялық тәрбиеге бағытталған қорытынды жасалды. Сынып сағаты оқушылардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.



«Адал Азамат» тәрбие...