«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіршілік – тамаша»

23 шілде күні мектеп жанындағы лагерьде тілдік дамыту мен өлкетану бағытындағы іс-шаралар өтті. Таңертең балалар таза ауада көңілді жаттығу жасап, көтеріңкі көңіл-күймен күнді бастады. «Тіршілік – тамаша» атты денсаулық минутасында балалар жақсы көңіл-күйдің, қимыл-қозғалыстың және денсаулыққа қамқор болудың маңыздылығы туралы әңгімелесті. Балалардың ерекше қызығушылығын «Көне қалаларға саяхат» атты виртуалды тур тудырды. Онда олар Тараз, Сауран, Сарайшық және Қазақстанның басқа да көне қалаларының тарихымен танысты. Күн соңында балалар Есіл өзеніне серуенге шығып, табиғатты бақылап, су ресурстарына ұқыпты қарау және экология жайында ой бөлісті. Күн мазмұнды әрі танымдық болды. Оқушылар туған өлкені сүюге, оның тарихын құрметтеуге және дүниетанымдарын кеңейтуге мүмкіндік алды.


Текст