«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жеңіс күні» атты ашық сынып сағаты

Бүгін, 5 мамыр күні, 2 А – 3 А сыныптарында  «Жеңіс күні» атты ашық сынып сағаты өтті. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру. Сынып сағаты әнұранмен басталды. Әрі қарай оқушылар, бейбітшілік заманды, соғыстың басталуын және келіп жеткен жеңістің қуанышты сәтін сахналап көрсетті. Осы сәтте мұғалім жеңіс күні мерекесімен құттықтады, бейнебаян арқылы қысқаша соғыс жылдары туралы мағлұмат берді. Осы соғыста шейіт болған еліміздің батырларын еске алу үшін, бір минут үнсіздік жариялады. Содан кейін оқушылар ержүрек батыр ағалары мен апалары жайлы алдымен  мағлұмат беріп, сосын сол кісілер жайлы жазылған өлеңдерін  жатқа оқыды. «Жеңіс күні» әнін шырқады. Сынып сағатының соңында, барлығы бірге «Ер есімі – ел есінде» деп хормен айтып, мәңгілік алау жанындағы батырларымызға тағзым етіп, гүл қойды.

Жаңартылған күні: 17.05.2022 12:48
Құрылған күні: 17.05.2022 12:48

Текст