Бүгін МИФ апталығы жоспарына сай 6"а",7 "а"
сыныптар арасында " Ғажайып алаңы" сайысы өтті. Сабақтың мақсаты : оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын,ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сайыс алты кезеңнен болды.1 - кезең. "Сұрақ - жауап", 2- кезең. "Теңге алу".Анаграмма. 3- кезең. "Логикалық сұрақтар". 4 - кезең. "Бәйге".Дұрыс- бұрыс есептер. 5- кезең."Жорға" Математикалық жұмбақтар 6 - кезең. "Математикалық ребустар.5сайыстың қорытындысы бойынша 6 кезеңге екі оқушы 6"а" сыныбынан Иманжүсіпова Еркежан, 7 "а" сыныбынан Абылқасымав Айып шықты. Бұл кезеңде Абылқасымов Айып ребусты шешіп,сайыстың жеңімпазы атанды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Сабақ оларға ұнады. Сабақ соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.