Текст
Мектепалды даярлық тобында өзін-өзі тану пәнінен «Менің отбасым»тақырыбы бойынша сабақ өтті. Сабақты мектепалды даярлық тобының мұғалімі Касенова Жамиля Есләмбекқызы өткізді. Сабақта ол белсенді жұмыс формалары ретінде ионп позитивті көңіл-күй "Әуе шары", диалог, "Мұғалім-оқушы" және "Менің отбасым" атты үйден дайындап әкелген көрсетілімді пайдаланды. Соңғы тапсырмада балалар ата-аналарымен бірге үйден дайындаған "Менің отбасымның шежіресі" деген плакатты өздері шығып қорғады. Сабақтың соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін қызыл алмалар арқылы көрсетті. Осы кері байланысқа қарап, сабақтың барлығына ұнағанын көрдік.