Ұйымдар тізімі
11-сыныптарда өткен ата-аналар жиналысында маңызды тақырыптар талқыланды:
– Қорытынды аттестация мен ҰБТ-ға дайындық
– Оқушылардың интернеттегі және күнделікті өмірдегі қауіпсіздігі
– АПҚО бағдарламасы аясында «Жасөспірімдердің эмоционалды интеллектісі мен күйзеліске, стресс жағдайларына төзімділігін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбы талқыланды
– Оқушылардың түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу нәтижелері қорытындыланды
Сынып жетекшісі оқушылардың сыныптан тыс белсенділігінің қорытындысын шығарды. Мектеп, аудан және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда 1 және 2 орын иеленген оқушылардың жетістіктері атап өтілді. Бұл – отбасы мен мектеп үшін зор мақтаныш!
Сонымен қатар, ата-аналарға отбасындағы эмоционалды қолдаудың балалардың мотивациясын, өзіне деген сенімін және күйзеліске төзімділігін арттырудағы маңызы туралы айтылды.
Жиналыс сенім мен ынтымақтастық атмосферасында өтті.
Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы – әрбір оқушының табысты болашағының кепілі.



Бастауыш мектепте ашық сабақ