«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әріптестерге әдістемелік көмек күні

Әр сәрсенбі – әріптестерге әдістемелік көмек күні
Мектебімізде  аптаның әр  сәрсенбісі күні мектеп тренері  Г.Ж Казбекованың  ұйымдастыруымен  «Әріптестерге әдістемелік көмек күні» болып  бекітілген. Осыған орай бүгінде мектебімізде тәжірибе алмасу семинары өткізілді. 
Семинар барысында қарастырылған тақырыптар:
1.ҚМЖ жасаудағы ең басты бес қағида
2.Ойлау дағдыларының деңгейлері
3. Білім берудегі аналитика түрлері
4. Кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары  (Мусина К.Е , Рамазанова А.Е)
Алдымен «Екі стикер» әдісі арқылы сабақ мақсатын қалай құрамыз ? Оқу тапсырмаларын қалайша жүйелеуге болады? деген сұрақтар талқыланып өтті
«Мен және менің көршім» атты стратегия арқылы «Өзара бағалау» және «Өзін өзі бағалау» туралы ақпарат алынып, талқыланды содан өзара ой бөлісу жұмысы жүргізілді.
ҚМЖ жасаудағы ең басты  бес қағиданы ұстаныңыз деген айдармен презентациялық алаңша арқылы түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Сабақ мақсатын қалайша дұрыс құруымыз керек.  
Саралап оқыту дегеніміз не? 
Бағалауды дұрыс жоспарлау . 
Тапсырмаға қатысты әдіс тәсілдерді жүйелеу. 
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру 
Ең жақсы жоспар - ол жүзеге асырылған жоспар. Сондықтан сабақ мақсатына негізделген жоспардан артық жоспар болмайды .
Ойлау дағдыларының деңгейлері 
Тапсырма әзірлеудің 3-кезеңінде, тапсырмаларды саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру қажет.
Ойлау дағдыларының деңгейлері неліктен маңызды?
Ойлау дағдыларының деңгейі – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. Дағдыларды дәл анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Критериалды бағалау жүйесінде ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың аясында қарастырылады:
білу және түсіну;
қолдану;
жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).
Бағалау критерийлерін Блум таксономиясы бойынша тиісінше ойлау дағдыларының деңгейіне дұрыс сәйкестендіру, мысалы бағалау критерийі «Білу» немесе «Түсіну» деңгейіне сәйкес келетінін анықтау, мұғалімге күтілетін нәтижеге бағытталған оқушы әрекетін дұрыс таңдауға және соған сәйкес келетін тапсырманы әзірлеуге көмектеседі.
Бағалау критерийлерінің сапасын бағалау үшін бірқатар талаптар белгіленген тексеру парағын қолдануға болады, мысалы: 
Тексеру парағын бағалау критерийлеріне сараптама жасау үшін пайдалануға болады.
Тапсырма әзірлеудің 4-кезеңі - бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды әзірлеу.
Бағалауда қолданылатын тапсырмалар бірқатар талаптарға сәйкес құрылуы тиіс, атап айтқанда: 
тапсырма оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес болуы керек;
тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі керек;
тапсырмалар сараланған болуы керек, яғни оқушылардың жеке ерекшеліктерін, нақты айтқанда қабылдау мен ойлау, жұмыс істеу қарқыны, пәндік және пәнүсті дағдыларының қалыптасу деңгейінің ерекшеліктерін ескеру маңызды.
тапсырмалар оқушыларды танымдық әрекетке ынталандыратындай алуан түрлі, нақты және түсінікті болу тиіс.
Білім берудегі аналитика түрлері :Семинар барысында ұстаздарымызға Білім берудегі аналитиканың түрлері туралы ақпарат беріліп , аналитикалық талдау жолдары  көрсетілді.Білім берудегі аналитканың түрлері
Сипаттамалық аналитка
Диагностикалық аналитика
Прогностикалық аналитика
Нұсқаулық аналитика
 Кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары  
Бастауыш сынып мұғалімдері Мусина К.Е , Рамазанова А.Е өздерінің педагогикалық іс тәжірибелерімен бөлісу мақсатында семинар барысында «Керібайланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары тақырыбында »  семинар сабағын өткізді  
Кері байланыстың тиімді түрлері және ерекшеліктері
Мектеп мұғалімдер арасында жиі қолданылатын кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі. Одан басқа кері байланыс түрлері жағымды және жағымсыз түрде жүргізіледі.
Кері байланыс формалары мен әдістері өте көп: мысалы ауызша талдау, талқылау; жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайликтер, оқушының бойында, ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді ролдік ойындар арқылы сезінуі (жаңа білім алу, өзін-өзі тануы, көңіл-күй, белсенділік немесе селқостық таныту деңгейін анықтау үшін түрлі тренингтер ұйымдастырамыз. Сондықтан жалпы кері байланыстың түрін формасын таңдау мұғалімнің өз құзырында әрине.
Кері байланыстың формалары мен әдістері Рефлексияның формалары мен әдістері
• Жазбаша түсінік беру • Бақылау • Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақтар/ • Жаппай /фронтальды/ сұрау • Кері байланыс күнделігі • Өзін-өзі бақылау дәптері • Бір минуттық эссе • Мини –тест • Екі жұлдыз бір тілек • Қалыптастырушы тест • «Ілмек сұрақ» • «Борд» • «Нысына» • «Пирамида» • «Шәкіл» т.б • Оқушы өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру • Сурет салу түрінде • Кесте, диаграмма, сауалнама толтыру • Эссе жазу т.б
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған жөн –деп әр ұстазға ой салды. Тәжірибе барысында қолданды Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.
Бағалаушы болмау. «Адамның басқа адамдардан айырмашылығы – оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру қажет. Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау. Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып, ақылгөйсінбей, «Мынаны жасау керек!», «Олай ету қажет!» немесе «Мен Сіздің орныңызда былай жасар едім!» деген сөздерді айтпай, өзіміздің пікірімізді келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау – кері байланысты алушы адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі «мүмкін» болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: «Мүмкін былай жасау керек шығар?»
Ынталандыруға ұмтылу. Кері байланыстың бір мақсаты – адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.
Сыпайы болу.Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екі талай. Көмектесу жәрдем беру.
Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымызды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз
Семинар жұмысы өте толыққанды және қызықты өтті. Әр қатысушы келешекке тамаша әдіс  тәсілдерді үйренді.

Мектеп тренері:                             Казбекова Г.Ж

 
Жаңартылған күні: 08.11.2022 16:47
Құрылған күні: 08.11.2022 16:47

Текст