ҚР Тәуелсіздік күнін мерекесі қарсаңында Новочеркас орта мектебінің 2 "Б" сынып оқушылары Астрахан аудандық "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі" жанындағы Астрахан тарихи-өлкетану мұражайына барды. Сынып жетекшісі мұндай экскурсияны тек атаулы күнге ғана емес, сонымен қатар жерлестеріміздің Астрахан ауданының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестерімен таныстыру үшін ұйымдастырды. Оқушыларға аудан тұрғындары жинаған мұражай экспонаттары өте ұнады. Ескі ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар ұсынылды. Олардың кейбірін біздің Новочеркасское ауылының тұрғындары сыйға тартты. Мұражайдың экскурсия жетекшісі оқушыларды Астраханка ауылының тарихи даму кезеңдерімен, оның ескі тұрғындарымен, құрметті тұрғындарымен, мұражай достарымен, мұражайға сыйға берілген сыйлықтармен таныстырды. Осындай экскурсияны ұйымдастырғаны үшін үлкен рахмет! Мен шығармашылық үйінің директоры мен гидіне, ата-аналарға оқушыларға арналған көлік ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді.