Текст
Бүгін, 30.11.2020, мереке қарсаңында, 7-Б сыныбында Тұңғыш Президенттің Музейіне 3D экскурсиясында сынып сағаты өтті. Балалар іс жүзінде президенттің жұмыс жасайтын және басқа елдердің қонақтарын қабылдайтын залдарымен танысты.Біз сондай-ақ экскурсияны Тұңғыш Президент пен мемлекеттік рәміздерге арналған бейне материалмен толықтырдық. Балалар мемлекеттік рәміздердің мәні туралы әңгімелеп, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны туралы сұрақтарға жауап берді.