Текст
2020 жылдың 23 қарашасында бүкіл Қазақстандағы сияқты біздің мектепте де «Жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. 2 "Б" сыныбында "Жалпы адамзаттық құндылықтар" атты сынып сағаты өтті. Оның міндеті: Өмірлік құндылықтарды білу. Сынып сағаты барысында оқушылар тауға көтеріле отырып, тапсырмалар орындады.Тапсырма орындау арқылы осы құндылықтарды бөліп алып, ромашкаға, тақтаға жазбалар жасады. Мақал-мәтелдер, өлең арқылы олар достықты, махаббатты, денсаулықты, өмірді, мейірімділік пен өзара көмекке анықтама беріп отырды.