«Қазақ тілі – мемлеттік тіл» атты апталығы аясында көптеген іс шаралар жоспарланып жүзеге асырылды.
5 «А» мен 6 «А» сынып оқушылары арасында «Қызықты қазақ тілі әлемі » атты интелектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілеттерін шыңдау. Берілген тапсырмаларды орындау барысында шапшаңдық танытып , нақты жауаптарын беріп отырды. Екі сыныптың да оқушылары ат салыса қатысты. Біріншісі «Сұнқар»тобының оқушылары. Екіншісі «Тұлпар» тобының оқушылары болып бөлінді.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. І кезең «Тіл өнері» , ІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр» , ІІІ кезең «Бәйге» ІV кезең «Алтын жұмбақ» , V кезең “Полиглот” , VІ кезең «Тапқырлық»
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды 6 «А» сынып оқушылары иеленсе ІІ орынды 5 «А» сынып оқушылары иеленді. Мадақтамалармен марапатталды.